Меню KDT

ТЕАТРЛЫҚ ДӘРІСХАНА

«Театрлық лекторий» – театрымызда 2024 жылы қолға алынатын жоба. Жоба аясында 
театр осы саладағы белгілі мамандардың қатысуымен қазіргі өнердің ең қызықты және
өзекті мәселелері мен проблемалары бойынша дәрістер, семинарлар, шеберлік сабақтарын өткізбек.
Аталмыш бастама кез-келген қызығушылық танытатын адамға «заманауи театр өнері» дегеніміз не,
оны қалай танып түсінуге болады, көрерменнің сұранысы қандай және соңында 
оны не нәтиже күтеді деген сұрақтардың жауабын беретін театр тануға 
бағытталған «көрерменге арналған мектеп» десек те артық етпес.  
Шақырылған лекторлар қазіргі театрдың өзгеру қарқыны, орын алып жатқан өзгерістердің
қандай критерийлерге байланысты жүзеге асатыны, суретші қолданатын құралдардың
өзгеру жолдары, көркемдік идеяның жүзеге асырылу құбылыстары және  басқа да маңызды
аспектілер жайлы әңгімелейтін болады.
«Театрлық лекторий» аясындағы жаңа шаралардың анонстарын «Жаңалықтар» бөлімінде  бақылай аласыздар.