ЖАҢАЛЫҚТАР
Еліміздің үздік режиссері Аймауытов театрына келді
Жұлдызбек Жұманбай Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрының шақыртуымен Павлодар қаласына арнайы келді. Өнер майталманы алдағы уақытта жергілікті көрермендерге жаңа спектакльді тарту етпекші.Қазақстан театр қайраткерлері одағының «Еңлікгүл-2025» театр өнерінің кәсіби сыйлығында «Үздік режиссер» номинациясына ие болған Жұлдызбек Жұманбай Аймауытов театрының шақыртуымен келді. Театр басшылығы мен талантты режиссер алдағы уақытта жергілікті көрермен үшін премьералық қойылым сахналайтын болып келісті. Өнер иесінің біздің ұжыммен ынтымақтастығы алдағы уақытта актерлеріміздің тың тәжірибелер игеруіне мүмкіндік бермекші.
Айтып өтейік, Жұлдызбек Айтқалиұлы Абай облысының тумасы. М.Төлебаев атындағы саз колледжін, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Эстрада миниатюра» бөлімін тәмамдаған. Ресей Федерациясы «Театр өнері» институтының (ГИТИС) «Режиссер» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды. 2006-2012 жж. Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актер болып еңбек етті. 2015 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында режиссерлік қызмет атқарып келді. Одан кейін М.Әуезов, Қ.Қуанышбаев, Ә.Мәмбетов және отандық көптеген театрлармен жұмыс істеді.
2024 жылы Павлодарда өткен Ертіс-Баян фестиваліне «Абай айтқан Еңлік-Кебек» спектаклімен қатысқан (Семей театры). 03.02
0
0

