Меню KDT

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мың ғасырда бір туар композитордың өнері мен өмірі Ж.Аймауытов театрында сахналанбақ

  Қазақ халқында «Шәмші, Шәмшінің әні» десе, ішкен асын жерге қоймайтын жан жоқ. Адам жүрегін тебірентетін сезімдердің қайсысы болмасын – асыл ана, ардақты әке, мөлдір сезім, шынайы махаббат – осының бәрі Шәмші әндерінің тақырыбы десек, асырып айтқандық болмас.
  Композитор Шәмші Қалдаяқов 300-ден астам әннің авторы, ҚР Мемлекеттік Әнұранының авторы, тірісінде «Қазақ вальсінің королі» атанған.
  Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының ұжымы атақты сазгердің өміріне қатысты «Шәмші» спектакль-концертінің премьерасын өткізеді.
  «Шәмші» спектакль-концерті  - сазгердің халық аузынан түспейтін, классикаға айналған шығармалары қалай дүниеге келді деген сұраққа жауап қайтарады.
  Мың ғасырда бір туатын Шәмші мен Шабыт. Олардың тек екеуара ғана түсінетін әлемдері бар. Шәмшінің ішкі сыры әрбір жүректі толғайды.  Анасының әлдиіне уанған тау тұлға, есейе келе ғашығы - Сағыныштың сазына қанығып, махаббат жайлы сыр шертеді. Өмірдің құлазытқан сәттеріне мойымай, мәңгілік әуендерді мұраға қалдырды.
  Туындыда ән әлемінің майталманы, вальс королі, ұлы композитор  Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен өнері, жетістігі мен жеңілісі, махаббаты мен ғадауаты сипатталады.

Өтетін мерзімі: 2024 жылғы  28 мамыр, сағат 18.00-де

Сахналау тобы:
қоюшы-режиссер: Әділет Ақанов, суретші: Айсұлу Шарипова, дирижер: Болат Рахимжанов, жарық беруші: Мақсат Қайырбеков.
Рольдер мен орындаушылар:
Шәмші – Бейбіт Шәнім / Кенжеғазы Қарымсақов
Шабыт – Рахат Халық / Бауыржан Егінбай
Сағыныш – Райхан Жұмақанова / Дильназ Қиятова
Алаяқ - Кенжеғазы Қарымсақов / Бейбіт Шәнім
Анасы – Гульжихан Хамитова
03.05
0