Меню KDT

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық театр Ертіс-Баян өңірінде!

Құрметті Павлодарлық театр сүйер қауым!Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры 10-14 мамыр аралығында қасиетті Павлодар жеріне гастрольдік сапармен келіп, өнер көрсетеді! Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ-музыкалық драма театрында:

10 мамыр күні - Абайдың Қара сөздері желісімен жазылған «ҚАРА» драмасы;
11 мамыр күні - Сәбит Мұқановтың «МӨЛДІР МАХАББАТ» драмасы;
12 мамыр күні - Мұхтар Әуезовтің «ЕҢЛІК - КЕБЕК» трагедиясы;
13 мамыр күні - Бернард Шоудың «СҮЙІКТІ МЕНІҢ ПЕРІШТЕМ» комедиясы;
14 мамыр күні - Дулат Исабековтың «ЖҮЗ ЖЫЛДЫҚ МАХАББАТ» драмасына куә болыңыз!

16.04
0