Меню KDT

ЖАҢАЛЫҚТАР

Театрымыздың kmdt.kz су жаңа сайты!

  Құрметті Ж. Аймауытов атындағы театрдың көрермендері, серіктестері мен әріптестері, бүгін, яғни, Халықаралық театр күнінде сіздерге ерекше сыйымыз бар. Ол – театрымыздың kmdt.kz су жаңа сайты! Бұл сайтты арнайы сіздер үшін дайындап қойдық. Оның көмегімен сіздер театр репертуары, сізге қажетті спектакльдер, театр қызметкерлері және жалпы театр жайлы ақпаратпен танысып, керекті контактілерді, театрға келу ережелері мен театр афишасын таба аласыздар. Сондай-ақ сайтымыз арқылы онлайн түрде билет сатып алу мүмкіндігіңіз де бар. Өз театры біздің сахнада өнер көрсетіп, гастрольдік сапармен келгісі келетін әріптестеріміз бен алдағы уақытта өткелі жатқан «Ертіс-Баян» фестивалінің (осы жылдың қыркүйек айында өтеді) болашақ қатысушылары үшін сайтымызға «Техникалық сипаттамалар» атты арнайы бөлім қосылды. Бұл бөлімде театрдың негізгі сахнасының техникалық параметрлері, оның жабдықтарының тізімі, көрермендер залының сызбасы, сахна планшеті мен жарықтық развес жайлы толық ақпарат берілген.
  Сайт қазақ және орыс тілінде жұмыс жасайды. Жақын арада оған ағылшын тілі қосылмақ.
  Бүгінгі күні театрымыз түбегейлі жаңғыру жолында тұр. Алдымызға қойған өршіл мақсаттарымыз бен жоспарларымыз жетерлік. Қазіргі таңда ұзақ мерзімді даму стратегиясын жасап, енгізу жұмыстарын жүргізу үстіндеміз. Осыған орай театрымыздың жаңа миссиясына келесі тезистер қосылды: «Ж.Аймауытов атындағы қазақ театры – бұл рухы мен мазмұны жағынан  қазіргі заманға сай, дәстүр мен заманауилық, ұлттық болмыс пен әлемдік контекст органикалық түрде тоғысқан кеңістік. Бұл репертуарлық моделі кең театр десек артық етпес: бұл - өз ішінде үйлесім тауып, оны көрерменіне, тіпті қаласы мен еліне паш ететін шағын әлем. Бұл – халық алдындағы саналы азаматтық, әлеуметтік және көркемдік жауапкершілігі бар, арнайы бағдарламалар, пікірталастар, танымдық-шығармашылық жобалар мен қазіргі сахна тіліндегі қойылымдар арқылы өз дамуы мен азаматтардың дамуына бағытталған театр». Әрине, бұл миссияның толыққанды орындалуына әлі де едәуір  уақыт керектігі айдан анық. Алайда театр бұл миссияның барлық тармақтарында көрсетілген мақсаттарға жақын болашақта жету үшін нақты қадамдар жасап келеді. Аталмыш сайт – сондай қадамдардың бірі. Сайттың сыртқы бейнесі, оның стилі және безендірілуі де  театрдың жаңартылған миссиясынан көрініс тапты. Сайттың үстіңгі жағында және оның футерінде, яғни, ең астында сіздер заманауи, алдыңғы қатарлы қазақстандық суретші Тимур Ақанаевтың «Жол үстінде» («В пути») суретінің фрагменттерін көре аласыздар. Бұл суретшінің шығармашылығының бір ерекшелігі бүгінгі күннің ерекшеліктерін ескере отырып, жұмыстарында заманауи құралдар мен заманауи техникаларды пайдалану арқылы ұлттық бірегейлікті шебер көрсете білуінде жатыр. Концептуалды көзқарасы жағынан бұл дарынды суретшінің көркемдік тілі бізге жақын болғандықтан, серіктестік жөнінде келісім жасауға бел будық. Ол үшін Ақанаев Тимур мырзаға тағы бір мәрте алғысымызды білдіреміз.
  Сайттың басты бетінде «Репертуар» мәзір пункті сіздерге ыңғайлы болу үшін «Ересектер үшін», «Барлық отбасы мүшелері үшін», «Жасөспірімдер үшін» және «Ең жас көрермендер үшін» деген бірнеше бөлімшелерге бөлінген. Бүгінгі күні аталмыш бөлімшелердің екеуі ғана толтырылған. Дегенмен жақын арада қалған екеуін толтыратындай театрымызда жаңа бастамалар болады. Мысалы, осы жазда біз отбасының барлық мүшелеріне арналған «Джудит болу оңай емес» атты ауқымды спектаклді қоюды жоспарлап отырмыз. Бұл сәйкес бөлімшеге бірінші болып енгізілетін болады. Сондай-ақ алдағы уақытта қазақстандық драматургтердің заманауи пьесалары бойынша режиссерлік-драматургиялық зертхана ашу жоспарланып отыр. Бұл жұмыстың нәтижесін «Жасөспірімдер үшін» бөлімшесінен көре аласыздар.
  «Театр туралы» бөлімінде техникалық сипаттамалар мен театрдың миссиясынан бөлек театр тарихымен, театр ережелерімен, «вакансиялар» бөлімшесімен және біздің кафе туралы арманымызбен танысу мүмкіндігіне ие боласыз.
  «Театр тұлғалары» бөлімінде театр труппасы, оркестрі, көркемдік басшылығы, дирекциясы және қызметтері жайлы тың ақпарат берілген.
  «Афиша» бөлімінде онлайн билет сатып алуға болатын қолданыстағы репертуар көрсетіледі.
  «Жаңалықтар» айдарында  театр жаңалықтарын және оның «БАҚ» бөлімшесінде театр жайлы бұқаралық ақпарат құралдарына шыққан мақалалар мен жарияланымдарға сілтемелерді таба аласыздар.
  Сайттың «Байланыс» бөлімінде театрдың орналасқан жері, оған жету жолдары, байланыс нөмірлері көрсетіледі. Ал «Кері байланыс» бөлімшесінде сұрағыңызды қойып, ұсыныстар мен тілектеріңізді жаза аласыздар.
  «Театр+» бөлімінде «Шығармашылық зертхана» (парақша театр режиссерлік-драматургиялық зертханаға дайын болғанда іске қосылады), «Театрлық дәрісхана» (ақпарат осы жылдың күзінен бастап пайда болады, өйткені жоба күзде басталады) және «Фестиваль» бөлімдері бар. «Ертіс-Баян» фестивалі осы жылдың қыркүйек айында өтеді. Айтпақшы, бұл фестиваль Павлодарда өтетін тұңғыш ауқымдағы театр фестивалі болмақ.
  Сайттың басты бетінде сіздер театрда жақында болатын іс-шаралар, жаңалықтар мен театр серіктестері жайлы ақпаратпен таныс бола аласыздар.
  Сайттың футерінде (астыңғы жағында) театр жаңалықтарының таратылымына (рассылка) жазылуға болады.
  Сайтты әзірлеу жұмысын жүргізген – театрдың бас режиссері Сергей Левицкий. Ақпарат жинаумен айналысқан – театрдың әдебиет-драма бөлімінің меңгерушісі Аружан Оразова. Сайттың аударма жұмыстарын жүргізген – ілеспе аудармашы Юлия Михайленко.

27.03
0