Меню KDT

ЖАҢАЛЫҚТАР

ТЕАТР-ТЕРЕҢКӨЛДЕ

Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры Тереңкөл ауданына іс-сапармен барып, бүлдіршіндерге Е.Пермяктың «Отпен ойнама» ертегісін және ересектерге Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» спектаклін ұсынды!
Сонымен қатар, ауданның «Актерлік өнер» үйірмесінің жетекшілеріне театр режиссері Жангелді Садықов және актерлер Темірлан Мұқатай, Айару Тұрсынбек, Арман Серікқазыев, Жанара Назикенова шеберлік сыныптарын өткізді!
Әріптестік қолдау білдірген Тереңкөл ауданының «Мәдениет үйі» ұжымына алғысымызды білдіреміз!
14.02
0