Меню KDT

ЖАҢАЛЫҚТАР

«КЕЛІНДЕР КӨТЕРІЛІСІ» САХНАҒА ҚАЙТА ОРАЛДЫ!

Театр- Ұлттық мәдениетіміз бен адамзаттық құндылығымызды дәріптейтін, түрлі ұлттық дәстүрді насихаттайтын орта. Соған орай, 2024 жылдың 6 наурызында С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» спектаклі көрерменге жол тартпақ. Төлеубек Аралбайдың режиссерлігімен 2008 жылы премьерасы болған спектакль, араға уақыт салып сахнаға қайта оралды. Спектакльді қалпына келтірген театрымыздың актері, режиссер Бауыржан Манатбекұлы. Әлемнің 14 елінің сахнасында  қойылып,  кино өндірісінде  елеулі туындыға айналған  бұл шығарма 40 жыл өтсе де маңыздылығын әлі жойған жоқ. Ата дәстүрін берік ұстайтын өзбек халқының ұлттық биі мен музыкасымен әрленген қойылымның тек бір ұлттың ғана емес, жалпы ғаламда орын алып жатқан мәселелерді көтереді. Ене мен келін мәселесі әсіресе қазақ қоғамында ескірмейтін тақырып. Бұл пьесаның ерекшелігі - әулетті басқарып, жеті ұл өсіріп, жиырма бір немере бағып, жеті келін жұмсап отырған басты кейіпкер Фармон бибінің ұлты қазақ. Аталмыш қойылым,көрші отырған екі  мемлекеттің ортақ құндылықтарын көрермен назарына ұсынып, күлкіге қарық қылып, терең ойға батырады.
14.02
0